Алматы қаласы бойынша колледждер арасында өтіп жатқан «Үздік 100 студент» жобасында АКЭСТ колледжінің намысын қорғап жүрген студентіміз — Оңалхан Аяжан 🎓🌟
Аяжан бұл байқауда өзінің білімін ғана емес, табандылығын, жауапкершілігін және шығармашылық әлеуетін жоғары деңгейде көрсете білді. Ол арнайы эссе жазып, мазмұнды видео дайындап, тың идеяларға толы презентациясын ұсынды.
Бұл — тынымсыз еңбектің, мақсатқа деген сенімнің және өз мүмкіндіктеріне деген батыл қадамның нәтижесі. Қазіргі сәтте Оңалхан Аяжанға сіздердің қолдауларыңыз өте маңызды 🤍
АКЭСТ колледжінің абыройын асқақтатып жүрген студентімізге бірге қолдау білдірейік! Лайк басып 👍, пікір қалдырып 💬, бөлісуді ұмытпаңыздар 🙌 Бірге қолдаймыз — бірге жеңеміз! 💪✨