Новости

Алматы қалалық педагогикалық олимпиадасы/Городская педагогическая олимпиада в Алматы

Алматы қаласында техникалық және кәсіптік, орта және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында қалалық педагогикалық олимпиада — кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Аталған маңызды іс-шараға Алматы Экономикалық-Құқықтық және Педагогикалық колледжі лайықты түрде қатысып, өз деңгейін көрсете білді.
Олимпиадада колледжіміздің атынан келесі пән оқытушылары бақ сынады:
Сайдахмет Айбек Тұрғанбекұлықазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы,
Нуримбетова Гүлчехра Фархадовнашетел тілі пәнінің оқытушысы.
Сонымен қатар колледж директоры Хушкелдиева Сандуғаш Бакбергенқызының қазылар алқасының құрамына енуі — оқу ордамыздың жоғары кәсіби беделінің айқын дәлелі болды.
Олимпиада барысында қатысушылар педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейін, заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдана білетінін және кәсіби біліктілігін көрсетті.
Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. Олимпиада мазмұнды, кәсіби әрі шабыт сыйлайтын деңгейде өтті.
Біз өз ұстаздарымызды мақтан тұтамыз және алдағы қызметтеріне толағай табыс тілейміз!
Made on
Tilda