Алматы Экономикалық-Құқықтық және Педагогикалық колледжінде педагогтар арасындағы кәсіби шеберлік байқауы жоғары деңгейде өтті!
Бұл байқау — тәжірибе алмасудың, жаңа идеялар мен заманауи әдістемелерді таныстырудың, шығармашылық ізденісті дамытудың тамаша алаңы болды. Колледж ұстаздары модульдер бойынша бейнесабақтар ұсынып, ашық сабақ тәжірибелерімен бөлісіп, өздерінің кәсіби шеберліктерін жан-жақты көрсетті.
Қазылар алқасы әр қатысушының жұмысын мұқият саралап, әділ бағасын берді.
Іле ауданы, Ә. Молдабеков атындағы №6 орта мектебінің информатика пәнінің оқытушысы, педагог-модератор Орашбай Айжан Нұржанқызы болды.
Олар әрбір қатысушының еңбегін әділ бағалап қана қоймай, құнды кәсіби ұсыныстарын да ортаға салды.
✨ Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің еңбектеріңіз — сапалы білімнің, мықты ұрпақ тәрбиесінің кепілі. Шығармашылық шабыттарыңыз сарқылмасын, кәсіби биіктерден көріне беріңіздер! Колледжіміздің абыройын асқақтатып, білім мен тәрбие жолындағы еңбектеріңіз жана берсін!💫